Қазақстанға қоныс аудару, құжаттарды рәсімдеу және бейімделу – маңызды кезең
Сондықтан тек ресми ақпаратқа сүйену өте маңызды.Көші-қон комитетіне құжаттарды рәсімдеуді ақылы түрде жеделдетуге, тестілеуден өтуге көмектесуге немесе мемлекеттік қызметтерді алуға ықпал етуге уәде беретін делдалдар туралы өтініштер түсіп жатыр.Ресми түрде ескертеміз: мұндай уәделерге сенбеңіздер. Бұл бағыттағы мемлекеттік қызметтер белгіленген тәртіппен көрсетіледі. Тестілеу нәтижелерін немесе құжаттарды қарау нәтижесін қандай да бір ақы үшін өзгертуге болмайды.Ең бастысы – бейтаныс делдалдарға ақша бермеңіздер және тек ресми ақпаратқа жүгініңіздер.