Әлеуметтік қызметтер порталы
Әлеуметтік қызметтер порталы мүгедектігі адамдардың өмір сүру сапасы мен деңгейін жақсарту үшін құрылған. aleumet.egov.kz сайтында оңалтудың техникалық құралдарын сатып алуға, жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметтеріне тапсырыс беру және «санаториялық-курорттық емдеу» қызметін таңдауға мүмкіндіктер бар.
Сіз өзіңіздің үйіңізге жеткізілетін қызметті немесе тауарды жеткізушіні оңай таңдай аласыз немесе оны өзіңіз алып кете аласыз.
Порталды пайдалану мәселелері бойынша 1411 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады