Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Министрліктің жанындағы жеке кәсіпкерлік субьектілері бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Министрліктің жанындағы жеке кәсіпкерлік субьектілері бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу туралы хабарлайды.
Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мемлекеттік органға:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.
Мерзімсіз негізде аккредиттеу туралы куәлік алу үшін өтініш беруші Министрлікке аккредиттеу туралы куәліктің үш көшірмесін де ұсынады.
Аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субьектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдар Министрлік жанындағы кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде жеке кәсіпкерлердің мүдделерін қамтитын нормативтық құқықтық актілер жобаларына сараптама жасауға құқық алады.
Құжаттар интернет-ресурста хабарлама орналастырылған күннен бастап 2021 жылғы 19 мамырды қоса алғанға дейін Нұр-Сұлтан қаласы,
Мәңгілік ел д., 8 үй, 6 кіреберіс мекен-жайында қабылданады.
Телефон: 74-32-13.
03 мамыр 2021
19 мамыр 2021
Хабарландыру