Міндетті түрде кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеуді енгізу бойынша Реттеушілік әсерді талдау жобасын қоғамдық талқылауды жүргізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі 2022 жылғы 2 маусымдағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі Регламентінің 99-тармағына сәйкес «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына әзірленген түзетулер шеңберінде жаңа реттегіш құралдың енгізілуіне байланысты әзірленген Кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеуді енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдау жобасына қоғамдық талқылау жүргізілетіні туралы хабарлайды.

Осыған байланысты, реттегіш құралдардың Реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес (ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген), Реттеушілік әсерді талдау жобасын 2022 жылғы 23 қыркүйекте сағат 10:00-де ZOOM қосымшасы арқылы келесі сілтеме бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз:

https://us06web.zoom.us/j/82091062463?pwd=T0YvZWQwVXZSS2RIclZKdW1QZ1ZOdz09.

Қатысу үшін кандидатуралардың аты-жөнін, байланыс деректерін көрсете отырып 2022 жылғы 22 қыркүйекке дейін a.izmailova@enbek.gov.kz электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 74-36-54.

«On-line» режиміндегі қоғамдық талқылаулар «Ашық НҚА» порталында 2022 жылғы 20-23 қыркүйек аралығында өтетінін қосымша хабарлаймыз.

Оқиға күні

19 қыркүйек 2022

Оқиға түрі

Хабарландыру