«Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына (бұдан әрі - Қаулы жобасы) баспасөз-релизі

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың А5 санатындағы инвесторлық виза иелерінің отбасы мүшелерін қоспағанда, ШЖК тартуға рұқсаты талап етілмейтін тұлғалар тізбесіне толықтыру бөлігінде түзету енгізу мақсатында 2022 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасы аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алу тәртібінің рәсімін оңайлату туралы жиналыстың хаттамасын орындау үшін әзірленді.

Қаулы жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеліп соқтырмайды.

Қаулы жобасы «Электрондық Үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналыстырылған.

Жарияланған күні

02 ақпан 2022

Жаңарту күні

02 ақпан 2022

Жарияланымның авторы