«Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына (бұдан әрі –Жоба) баспасөз-релизі
Көру саны:19
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу және Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 17-тармағының
3) тармақшасын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
Аталған Жобаны Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларына өзгеріс енгізу мақсаты еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне беруді көздейді.
Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеліп соқтырмайды.
Жоба «Электрондық Үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналыстырылған.
30 желтоқсан 2021
30 желтоқсан 2021