«Қазақстан Республикасында 2025 жылға дейін әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту жөніндегі іс-шаралар ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз-релизі
Көру саны:175
«Қазақстан Республикасында 2025 жылға дейін әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту жөніндегі іс-шаралар
ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз-релизі
«Қазақстан Республикасында 2025 жылға дейін әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту жөніндегі іс-шаралар ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әрбір адам жынысына, жасына, этникалық тегіне, мәртебесіне, сондай-ақ физикалық немесе психикалық жағдайына қарамастан өзін қабылдаған, түсінетін және толыққанды мүше ретінде сезінетін инклюзивті қоғамды қалыптастыру мақсатында әзірленді.
2021 жылғы 26 ақпанда қаулы жобасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін жіберілді.
2021 жылғы 26 қаңтарда қаулының жобасы жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.
2021 жылғы 27 қаңтарда қаулының жобасы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесіне қарау және келісу үшін жіберілді. Қоғамдық кеңестің 2021 жылғы 22 ақпандағы хаттамасымен қаулы жобасы мақұлданды.
Қаулы жобасы «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісілген.
22 ақпан 2021
22 ақпан 2021