Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат

Ішкі аудит департаментінің 2026 жылға арналған ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Ішкі аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ-де (электрондық ішкі мемлекеттік аудит) аудиторлық іс-шара өткізілді.

Жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталында сенімхаттардың және шот-фактуралардың электрондық нысандарын тіркемей тауарларды, жұмыстарды қабылдауға байланысты рәсімдік бұзушылықтар анықталды.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша ішкі аудит нәтижелері туралы есеп және ішкі аудит нәтижелері туралы есебіне қорытындылар мен ұсынымдарды қамтитын Министрдің шешімі ішкі мемлекеттік аудит объектісінің басшысына жолданды.

Сонымен қатар, аудиторлық іс-шараның  нәтижелері бойынша ішкі аудит объектісі жұмысының тиімділігін арттыру үшін ұсынымдар берілді.

Жарияланған күні

19 маусым 2026

Жаңарту күні

19 маусым 2026

Жарияланымның авторы