2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақымен қамсыздандыру, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттік арнайы жәрдемақы, жерлеуге берілетін жәрдемақы бойынша ақпарат

Зейнетақымен қамсыздандыру бойынша

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, базалық зейнетақы мөлшерін 5% жыл сайынғы, ал жасы бойынша және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін 7%-ға (инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып) кезекті индекстеу жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасын орындауда тағайындалған зейнетақы мөлшері ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап қосымша 5%-ға индекстелді.

2020 жылғы 1 сәуірден бастап зейнетақының өсуінің нәтижесінде, базалық зейнетақыны ескере отырып, зейнетақының ең төменгі мөлшері 58 082 теңгені, ең жоғарғы мөлшері – 128 509 теңгені құрады.

2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша базалық зейнетақыны ескере отырып, зейнетақының орташа мөлшері 95 058 теңгені, соның ішінде ынтымақты зейнетақы – 65 341 теңгені, базалық зейнетақы – 29 717 теңгені құрады.

Зейнеткерлердің саны 2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 2,2 млн. адамды құрайды.

2020 жылғы қаңтар – шілде үшін базалық зейнетақы төлеуге арналған шығыстар – 446,9 млрд.теңгені, ынтымақты зейнетақы төлемдері – 997 млрд. теңгені құрады.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар бойынша

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруіне байланысты, инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, жәрдемақылар мөлшерін 5%-ға кезекті жыл сайынғы индекстеу жүргізілген болатын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасын орындауда 2020 жылғы 1 сәуірден бастап тағайындалған жәрдемақылардың мөлшері қосымша тағы да 5 %-ға артты.

2020 жылғы 1 тамызға жәрдемақының өсуінің нәтижесінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері:

– мүгедектігі бойынша – 48 035 теңге;

– асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша – 39 144 теңгені құрады.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 2020 жылғы 1 тамызына 693,5 мың. адамды құрады, соның ішінде:

– мүгедектігі бойынша – 536,3 мың. адам;

– асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша – 157,2 мың. адам.

2020 жылғы қаңтар – шілде үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төлеуге арналған шығыстар 213 млрд. теңгені құрады.

Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар бойынша

Айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруіне байланысты №1 және №2 Тізімдері бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері арттырылды.

2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша республикада № 1 және № 2 Тізімдері бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушылардың саны 8,7 мың.

Қазіргі уақытта № 1 және № 2 Тізімдері бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері тиісінше 26 169 теңгені және 23 280 теңгені құрады.

2020 жылғы қаңтар – шілде үшін мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды төлеуге арналған шығыстар 1,7 млрд. теңгені құрады.

Жерлеуге берілетін жәрдемақылар бойынша

Жерлеуге берілетін жәрдемақы алушылардың саны 2020 жылғы 1 тамызға 14,2 мың адамды құрайды.

2020 жылғы қаңтар – шілде үшін жерлеуге берілетін жәрдемақыға арналған шығыстар 3 млрд. теңгені құрады.

 

 

Жарияланған күні

05 қыркүйек 2020

Жаңарту күні

05 қыркүйек 2020

Жарияланымның авторы