Мүгедек баланың әлеуметтік қызметкері

Қазақстан Республикасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңына сәйкес, әлеуметтік қызметкер - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар қызметкер(техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе негізгі орта білімді және әлеуметтік қайта дайындау боынша сертификат)

Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты бойынша бір әлеуметтік қызметкер күтімді қажет ететің 4-6 психоневрологиялық ауруы бар балаларға, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан азаматтар, тірек-қимыл аппараттары бұзылған балаларға әлеуметтік қызметтерді ұсынады.

Әлеуметтік жұмыскер азаматтық қызметкер болып табылады, кадрларды іріктеу және орналастыру бірыңғай біліктіліктің талаптары бойынша басшылардың, мамандардың және басқа да әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мамандары конкурстық негізде жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік жұмыскердің бос орнына конкурс интернет-ресурста хабарландыру және мерзімді баспасөз құралдарында жарияланады.

Осыған орай, әлеуметтік жұмыскер болғысы келетің азамат толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуы қажет.

Жарияланған күні

06 желтоқсан 2019

Жаңарту күні

06 желтоқсан 2019