«Шетелдіктердің тұрақты тұруға рұқсат алуы және оны қалыптастыру тәртібі мақсатында талап етілетін кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасына баспасөз-релизі

«Шетелдіктердің тұрақты тұруға рұқсат алуы және оны қалыптастыру тәртібі мақсатында талап етілетін кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасына (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) баспасөз-релизі

Бұйрық жобасы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Жобаны қабылдаудың мақсаты ««Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 6-1) тармақшасын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.

Аталған Бұйрық жобасының қабылдану мақсаты шетелдіктердің талап етілетін мамандықтар тізбесі негізінде тұрақты тұруға рұқсат алуы болып табылады.

Бұйрық жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеліп соқтырмайды.

Бұйрық жобасы «Электрондық Үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналыстырылған.

 

Жарияланған күні

05 қаңтар 2023

Жаңарту күні

05 қаңтар 2023

Жарияланымның авторы