2025 жылға Министрліктің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
2025 жылға Министрліктің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау басталды.
Ведомствоның құрылымдық бөлімшелерінің нормативтік-құқықтық актілері мен ұйымдық-басқару қызметі талданады. Талдау ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге уәкілетті адамдар талдау анықтамасын дайындайды, оның негізінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылданатын болады.
558
Жарияланған күні
25 маусым 2025 16:06
Жаңарту күні
05 наурыз 2026
Түрі
Жарияланды