Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен
6,5 пайызға арттыру жүргізілсін. - Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ ерте дегенде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
118
Жарияланған күні
03 қыркүйек 2024 16:31
Жаңарту күні
03 қыркүйек 2024
Түрі