"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" ҚРҮҚ

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік

бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі

жұмыс тобын құру туралы

 

1. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

2. Жұмыс тобы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлесін.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.

 
 
Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі                                                       Б. Сағынтаев
Жарияланған күні

26 желтоқсан 2019 00:00

Жаңарту күні

26 желтоқсан 2019

Жарияланды