"Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ тізілімге енгізу және одан шығару негіздерін бекіту туралы" ЕХӘҚМ бұйрық жобасы
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ тізілімге енгізу және одан шығару негіздерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 156 бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ тізілімге енгізу және одан шығару негіздері бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
27
21 шілде 2023 15:37
21 шілде 2023