«Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 266 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 266 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 266 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32967 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидаларына 5-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
|
бұйрығына қосымша/
|
Мүгедектігі бар адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін
арнайы жұмыс орындарын
ұйымдастыру қағидаларына
5-қосымша
нысан
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: мансап орталықтарына.
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.enbek.gov.kz.
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер.
Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: ЖОС-1.
Кезеңділік: ай сайын.
Есепті кезең: 20__ жылғы ________ айы.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жұмыс берушілер.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 25-і күніне қарай.
Кесте. Арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер
|
Жұмыс берушінің атауы |
БСН/ЖСН |
Субсидия сомасын аудару үшін жұмыс берушінің есеп айырысу шотының нөмірі |
Қызмет көрсететін банктің атауы |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (толығымен) |
Еңбек шарты бойынша жалақының мөлшері |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
|
Айдағы жұмыс күндерінің саны |
Нақты жұмыс істеген күндер |
Уақытша жұмысқа жарамсыздық күндері |
Аударылған жалақының сомасы, теңге |
Зейнетақы жарналарының сомасы |
Бюджеттен өтемақы төленуге тиісті сома, теңге |
|
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
|
|
|
|
|
|
|
Атауы _________________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы __________________________________
Орындаушы: __________________________________ __________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам:
_____________________________________ ________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Күні: 20__ жылғы «___» ____________________.
Мөрдің орны
«Арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер»
әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша
«Арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер» әкімшілік деректерінің нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы түсіндірме «Арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
- Нысанды жұмыс берушілер толтырады және мансап орталықтарына ұсынады.
- Нысанға білім беру ұйымының басшысы не оның міндетін атқарушы адам, оның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып қол қояды.
- Нысан есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне қарай ұсынылады.
- Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
- Нысанның 1-бағанында жұмыс берушінің атауы көрсетіледі.
- Нысанның 2-бағанында жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН) көрсетіледі.
- Нысанның 3-бағанында субсидия сомасын аудару үшін жұмыс берушінің есеп айырысу шотының нөмірі көрсетіледі.
- Нысанның 4-бағанында қызмет көрсететін банктің атауы көрсетіледі.
- Нысанның 5-бағанында арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (толығымен) көрсетіледі.
- Нысанның 6-бағанында еңбек шарты бойынша жалақының мөлшері көрсетіледі.
- Нысанның 7-бағанында айдағы жұмыс күндерінің саны көрсетіледі.
- Нысанның 8-бағанында нақты жұмыс істеген күндердің саны көрсетіледі.
- Нысанның 9-бағанында уақытша жұмысқа жарамсыздық күндердің саны көрсетіледі.
- Нысанның 10-бағанында теңгемен аударылған жалақының сомасы көрсетіледі.
- Нысанның 11-бағанында теңгемен зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі.
- Нысанның 12-бағанында теңгемен бюджеттен өтемақы төленуге тиісті сома көрсетіледі.
145
25 тамыз 2023 17:45
25 тамыз 2023