Об утверждении перечня гарантированного объема специальных социальных услуг
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы "Әлеуметтік Кодекстің» 12 -бабының 5) тармақшасының отыз бесінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- . Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1 және 2-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
- . Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап, бірақ 2023 жылғы 1 шілдеден ерте емес қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
131
21 сәуір 2023 20:27
21 сәуір 2023