Правил оценки и определения потребности в специальных социальных услугах
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидалары туралы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабының 5-тармақшасының жиырма жетінші азат жолына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбір бұйрықтары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызмет көрсету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрге жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ ерте дегенде 2023 жылғы 1 шілдеден қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні
|
109
21 сәуір 2023 19:46
21 сәуір 2023