Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 12 бабының 5 тармақшасының отыз екінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасы осы бұйрықтың 1- қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
- Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап, бірақ 2023 жылғы 1 шілдеден ерте емес қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
134
Жарияланған күні
21 сәуір 2023 12:08
Жаңарту күні
21 сәуір 2023
Түрі