Әлеуметтік қызметтер порталының мәселелері жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Әлеуметтік қызметтер порталының мәселелері жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 167-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа 1- қосымшаға сәйкес Әлеуметтік қызметтер порталының мәселелері жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережесі бекітілсін;
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1 және 2-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік жасайтын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
86
06 сәуір 2023 14:23
06 сәуір 2023