Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023 – 2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы (30.12.2022 ж.)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
2023 – 2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодекcінің 32-бабының 2-тармағына, 2022 жылғы 1 желтоқсандағы «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларының және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қаржы департаменті:
1) бюджеттік бағдарламалар бекітілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде оларды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысында бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді талқылауды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аппарат басшысы
А.Ө. Бейспековке жүктелсін. - Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Министр Т. Дүйсенова
75
30 желтоқсан 2022 15:52
30 желтоқсан 2022