«Атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есепті құжаттамалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 10 тамыздағы № 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есепті құжаттамалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 10 тамыздағы 

№ 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есепті құжаттамалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2018 жылғы 10 тамыздағы № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17319 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 17-18) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлемді тағайындау және төлеу туралы ай сайынғы есеп;

18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда ай сайынғы қосымша төлемді тағайындау және төлеу туралы тоқсан сайынғы есеп;»;

көрсетілген бұйрыққа 17 және 18 қосымшалар осы бұйрыққа
1-2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е. Сағындықоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Стратегиялық жоспарлау

және реформалар агенттігінің

Ұлттық статистика бюросы

Жарияланған күні

29 қараша 2022 17:04

Жаңарту күні

29 қараша 2022

Түрі