«2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 713 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 713 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«2022 жылғы 22 қазан сенбіден 2022 жылғы 24 қазан дүйсенбіге ауыстырылсын».
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов