«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына (Қазақстан Республикасырның ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 49, 626-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин