"Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіптік мінез-құлық әдебі нормаларын бекіту туралы" бұйрық жобасы
Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіптік мінез-құлық әдебі
нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңның 16-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған әлеуметтік қызметкерлердің кәсіптік мінез-құлық әдебі нормалары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен::
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е. Сағындықоваға жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазым Аты-жөні
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
126