Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2022 жылғы 1 сәуірден бастап арттыру туралы

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2022 жылғы 1 сәуірден бастап арттыру туралы

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2022 жылғы 1 сәуірге дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2022 жылғы1 сәуірден бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен төрт пайызға арттыру жүргізілсін.

2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-МинистріӘ. Смайылов