«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (3-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 388 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы _________ № ____ бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (3-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі
№ 388 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы _________ № ____ бұйрығының жобасына
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (3-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 388 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы _________ № ____ бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен әзірленген.
БТБА 3-шығарылымының жобасында «экскаватор-тиегіш машинисі» (4-8 разрядтар диапазоны) жұмысшы кәсібі бойынша редакциялық негізде өзгеріс енгізілді:
- 360-параграфтың 781-тармағында «шаршы метрге» деген сөздер «текше метрге» деп көрсетілді;
- шөміш сыйымдылығы 1,25-тен 4 текше метрге (тек қана) дейінгі бір шөмішті экскаваторды... басқарған кезде, деген жолда «0,4» саны «4» санына ауыстырылды.
Сонымен қатар, тарифтік-біліктілік сипаттамаларының жобасы БТБА 4-шығарылымы бойынша жұмысты тарификациялау жөніндегі ескертпемен толықтырылды.
Бұйрық жобасы 1 ақпанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және уәкілетті еңбек органның ведомстволық веб-сайтында орналастырылған, барлық мүдделі тараптармен келісілген, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшелерінен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамадан оң қорытындылар алынды (ескерту қабылданды және жойылды).
Тарифтік-біліктілік сипаттамалар осы БТБА-да көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншіктік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарды көздемейді.
Анықтама: Қолданыстағы «Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (3-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 388 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 19169 болып тіркелген.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті
78
02 наурыз 2022 11:15
02 наурыз 2022