Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2022 – 2024 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
2022 – 2024 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодекcінің 32-бабының 2-тармағына, «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту
(қайта бекіту) қағидаларының және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың 17-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2022 – 2024 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қаржы департаменті:
1) бюджеттік бағдарламалар бекітілгеннен кейін күнтізбелік 3 күн ішінде оларды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысында бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді талқылауды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аппарат басшысы
А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін. - Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Министр С. Шәпкенов
51
10 желтоқсан 2021 11:26
10 желтоқсан 2021