"Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (58 -шығарылым) бекіту туралы" ҚР ЕХӘҚМ-нің 2021 жылғы 12 қазандағы № 373 бұйрығы
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (58 -шығарылым) бекіту туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (58-шығарылым) бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1)және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- «Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (58-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 349-ө-м бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7896 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
|
С. Шапкенов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
Результаты согласования
Министерство труда и социальной защиты населения РК - Директор департамента Анжелика Борисовна Парсегова, 13.09.2021 17:10:23, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство информации и общественного развития Республики Казахстан - вице-министр Кемелбек Бактыгулович Ойшыбаев, 27.09.2021 17:41:07, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство культуры и спорта Республики Казахстан - Вице-министр культуры и спорта Республики Казахстан Габидулла Рахматуллаұлы Абдрахимов, 28.09.2021 15:16:07, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство образования и науки РК - Министр Асхат Канатович Аймагамбетов, 27.09.2021 16:36:43, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство юстиции РК - Вице-министра Наталья Виссарионовна Пан, 11.10.2021 15:44:50, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. Шапкенов, 12.10.2021 10:24:56, положительный результат проверки ЭЦП
90
15 қазан 2021 14:05
15 қазан 2021