«Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 134 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы
19 ақпандағы № 134 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 134 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13527 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларында:
2-тармақтың:
2) тармақшасы алып тасталсын;
6) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«6) еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық органдары.»;
6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«6. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты айқындау үшін білім беру, денсаулық сақтау және өзге де бейін мамандарының қорытындысы қажет болған жағдайда, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган тиісті комиссия құрады.».
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. М. Әукеновке жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
82
16 тамыз 2021 16:11
16 тамыз 2021