Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
осы қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
«Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі республикалық меншіктегі заңды тұлғалар мен олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері» 3-бөлімі:
келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 40 және 41-жолдармен толықтырылсын:
«
|
40.
|
Қордың активтер портфелін сенімгерлік басқару бойынша қызмет
|
66 302
|
|
41.
|
Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қызмет
|
84 300
|
».;
- Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин