«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру» жобасы

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру» жобасы

Жұмыспен қамту және нысаналы бенефициарлардың еңбек дағдылары саласындағы нәтижелерді жақсарту мен техникалық-кәсіптік білім беру мекемелеріндегі әрі жоғары оқу орындарындағы дайындау және оқыту бағдарламаларының өзектілігін арттыру

2050 жылға қарай барынша дамыған 30 елдің қатарына кіру болып табылатын Қазақстанды дамытудың мақсатына жету елдің теңдестірілген және жан-жақты экономикалық өсуді қолдайтын қабілетіне байланысты. Орта мерзімді және ұзақ мерзімді даму әлеуетін арттыру көбіне жоғары білікті адами капиталға байланысты болады.  

Жобаны дамытудың мақсатыжұмыспен қамту және нысаналы бенефициарлардың еңбек дағдылары саласындағы нәтижелерді жақсарту мен техникалық-кәсіптік білім беру мекемелеріндегі әрі жоғары оқу орындарындағы дайындау және оқыту бағдарламаларының өзектілігін арттыру болып табылады.

Осы Жоба экономикалық әртараптандыруды, жұмыс орындарына байланысты дағдылар мен реформаларды дамытуды қолдауға бағытталған, Дүниежүзілік банктің Қазақстан Республикасы Үкіметімен Стратегиялық ынтымақтастығы аясында іске асырылады. 

Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің арасындағы Қарыз беру туралы 2015 жылғы 20 шілдедегі № 8490-кz келісімді басшылыққа алады.      

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 5 ақпандағы № 451-V Заңымен ратификацияланған.

Жобаны іске асыру мерзімдері – 2016-2020 жылдар.

Жобаны жабудың жоспарланған мерзімі – 2020 жылғы 30 маусым.