Мүгедектігі бар адамдарды қолдаудағы мемлекеттің рөлі

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 170-бабына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғаудың келесі түрлері көзделген:
- мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (төлем көлемі мүгедектіктің себебіне және тобына байланысты);
- мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы (мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы);
- бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы) түрінде әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.
Жәрдемақыларды тағайындау үшін
- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
- көрсетілетін қызметті беруші – мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындау үшін мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде
- egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал)
- ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жүгінуге болады.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы үшін келесі құжаттар қажет:
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде өтініш;
- жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі қандас куәлігі) жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
- мүгедектік бойынша анықтама.
Болуына қарай мынадай құжаттардың біреуі ұсынылады:
- Радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың ауруының, мүгедектігінің себептік байланысын белгілеу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық кеңестің шешімі; 2) Орталық әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі;
- госпиталь берген ауруы туралы куәлік немесе әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы;
- он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланың туу туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
- неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (ата-анасы (қамқоршы) тегін өзгерткен кезде). Қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенде, қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжатты ұсынады.
портал арқылы:
- көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді
проактивті қызмет арқылы жәрдемақы тағайындау үшін:
- көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шотының нөмірі расталады.
Мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы үшін келесі құжаттар:
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде өтініш;
- Өініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).Қандас мәртебесі бар адамдар мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындауға жүгінген кезде қандас куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) ұсынады;
- баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
өтініш берушінің деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген кезде – неке қию (ерлі-зайыптылық), некені бұзу туралы куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген немесе баланы асырап алған кезде – балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер;
- баланың мүгедектігі туралы анықтама.
портал арқылы:
- көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.
проактивті қызмет арқылы жәрдемақы тағайындау үшін:
- көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шотының нөмірі расталады.
Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы) үшін келесі құжаттар:
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде өтініш;
күтім жасайтын адамға
- жеке басын куәландыратын құжат – сәйкестендіру үшін;
- бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген жағдайда – бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат;
- мүгедектігі туралы анықтама.
- қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде күтім жасайтын адам ретінде айқындалған адамның орналасқан жері туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Орталық автоматтандырылған деректер базасы" ақпараттық жүйесінен жеке басын куәландыратын құжаты бойынша тексеріледі.
Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адам ретінде айқындалған адам үшін:
- жеке басты куәландыратын құжат – сәйкестендіру үшін.
Қандас мәртебесі бар адамға күтім жасайтын адамға жәрдемақы тағайындау үшін жүгінген жағдайда сәйкестендіру үшін қандас куәлігі беріледі;
- жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат – сәйкестендіру үшін;
- бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын ретінде айқындалған адамның әрекетке қабілеттілігі туралы мәліметтер жеке басты куәландыратын құжат бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесінде тексеріледі.