Қазақстанның зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту мәселелері Алматыда талқыланды.

Жарияланған күні: 24 қазан 2026

Кездесуде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) басқарма төрағасы Жанат Құрманов, сондай-ақ қаржы саласының сарапшылары Болат Жәмішев пен Елена Бахмутова қатысты.

Жиында болашақ зейнетақының жеткілікті болуы, зейнетақы жинақтарын көбейту және жүйенің ұзақ мерзімді тұрақтылығын сақтау мәселелеріне баса назар аударылды. Ұсыныстар қазіргі және болашақ зейнеткерлердің мүддесі ескеріле отырып пысықталады.