Зерттеуден – адамдарға нақты көмек көрсетуге дейін
Алматыда әлеуметтік қорғау мен оңалту саласына ғылыми әзірлемелер мен заманауи технологияларды енгізу мәселелері талқыланды. Мұнда әлеуметтік қорғау саласындағы инновацияларға арналған халықаралық қатысумен республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ғалымдар, сала мамандары мен шетелдік сарапшылар жасанды интеллектті, цифрлық шешімдер мен заманауи оңалту құралдарын қолдану мүмкіндіктерін, сондай-ақ әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру жолдарын қарастырды.
Басты назар адамның қажеттіліктерін ескеретін және көрсетілетін көмекті қолжетімді етуге мүмкіндік беретін шешімдерге аударылды.