Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің Бәйтерек ауданындағы көшпелі отырысы
2026 жылдың 15 қазанында алғашқы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің Бәйтерек ауданындағы көшпелі отырысы барысында 15 адамға мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігі әзірленді.
Сонымен бірге, Бәйтерек ауданының 2-ауруханасының дәрігерлік-консультативтік комиссия төрағасы мен жалпы тәжірибе дәрігерлерін қатыстыра отырып «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу тәртібі, 2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мүгедектік көрсеткіштері, медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолдамалар және проактивті сырттай куәландыруды жетілдіру мәселелері» тақырыптарында дәріс оқылды.
«Сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жобасы аясында жекелеген нозологиялар бойынша проактивті сырттай куәландыруға жолдау барысында тиісті зерттеп қарау әдістері 031/е нысанына тіркелуіне бақылауды күшейту бойынша хаттамалық ұсынымдар беріліп, негізсіз жолдамалардың себептері талданды.