Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңес өткізілді
Ағымдағы жылдың 9 қазан күні Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қатысуымен кеңес өткізілді.
Кеңеске Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілі А.С.Жұбаныш, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті бөлім басшысы Б.Ж. Абилов, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының басшылары қатысты.
Кеңес барысында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелер, қызмет алушылардың құқықтарын сақтау, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының жұмысын жетілдіру мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылып, орталықтарға тиісті бағыттар бойынша жұмысты одан әрі жетілдіру бағытында тиісті тапсырмалар берілді.