Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің негізгі бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жоспарын жүзеге асыру
Ағымдағы жылдың 19 мамырында мобильді топ Батыс Қазахстан облысының Сырым және Қаратөбе аудандарында Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында аудан тұрғындарының медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудегі куәландыру тәртібі, қысқартылған жұмыс аптасы және т.б. мәселелер бойынша сауалдарына тиісті жауаптары берілді.