"Мамандықтар шыр шертеді" тақырыбында дөңгелек үстел

Жарияланған күні: 26 қазан 2022

       2022 жылдың 20 қазанында Ж.Молдағалиев атындағы БҚО әмбебап ғылыми кітапханасында  Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Қарттар күніне орай «Мамандықтар сыр шертеді» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараның мақсаты: еңбек саласындағы ұзақ жылдар қызмет атқарып, кәсібінің нәсібін көріп отырған өз саласының майталмандарын ұлықтау, олардың өнегелі өмірлерін студент жастарға таныстыру. Білімді ұрпақ тәрбиелеу ісінде бірігіп жұмыстар атқару. Шараға еңбек ардагерлері мен студенттер қатысып, жиын барысында сан түрлі мамандықтың қызығы мен қиыншылығы туралы айтылды., студенттер сұрақ қойып, өз ойларын ортаға салды.