2024 жылдың 12 айында департаменттің медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімдерінің атқарған жұмыстарының қорытындысы (01.01.2024 ж- 31.12.2024ж)

Жамбыл облысына   төмендегі  медициналық-әлеуметтік сараптама  бөлімдері  қызмет көрсетеді:

  • МӘС бақылау және әдіснама бөлімі
  • 4 жалпы МӘС бөлімдері

           Жамбыл  облысы халқының саны -1222593  (2023ж -1222200).

Жамбыл облысында, бүгінгі таңда, орталықтандырылған мүгедектердің деректер базасы бойынша барлығы 45637 мүгедектігі бар адамдар  тіркелген, оның ішінде ересек мүгедектігі  бар  адамдар саны- 38817 (1 топ-4658 адам, 2 топ-16472, 3 топ-17687) және  0-18 жас аралығындағы мүгедектігі бар балалар саны- 6840 (1996-сы- 7 жасқа дейінгілер, мүгедектігі  бар 1 топтағы  бала-744,  мүгедектігі  бар 2 топтағы-1172, мүгедектігі  бар 3 топтағы бала-2928).  Қала бойынша мүгедектер саны-18529 адам, ауыл тұрғындары-27128. Жынысы бойынша- ер адамдар арасындағы  мүгедектігі  бар  адамдар саны-26624-58,3%, әйелдер-19033 адам-41,7%. Облыс  бойынша  мүгедектіктің үлес  салмағы- 3,7%.

МӘС  бөлімдері 2024 жылдың 12 айында барлығы 15182 мемлекеттік  қызмет  көрсетті, оның  ішінде сырттай  проактивті  форматта- 5089 мемлекеттік қызмет көрсетілді- 33,5%.

         2024 жылдың 12 айында  мүгедектіктің негізгі көрсеткіштері: аталған уақытта барлығы 2671 адам алғашқы рет мүгедектікке шықты (12 ай 2023ж. – 2821 адам), оның ішінде ересек адамдар  1930 (2023 ж.-1980 адам), мүгедектігі бар бала санатына жатқызылғандар – 741 бала ( 2023 ж.-841 баланы құраған).    

        Алғашқы рет мүгедектігі  бар адамдар болып танылған 2671 ересек адамдар ішінде жұмысқа жарамды жастағылары-1454 адам-54,4% , ал 476 адам зейнеткер жасындағы-17,8%, мүгедектігі  бар 0-18 жас  аралығындағы  балалар саны -741 бала -27,8% құрайды.

Алғашқы мүгедектіктің  нозологиялық  құрамы  ересектер арасында :

1-ші орында – қатерлі ісіктер–600 адам – 31,1% (2023 ж  – 526 адам – 26,6%);

2-ші орында - жүрек-қан тамырлары сырқаттары  - оның деңгейі – 486 адамды құрады -25,2 % (2023 ж.  -547 адам -27,6% құраған болатын).

3-ші орында – түрлі жарақаттар- 157 адам -8,1%, (2023 ж. - 171 адам – 8,6%) .

4-ші орында- психиканың және мінез-құлқының бұзылуы- 140 адам-7,2% (2023 ж-129 адам-6,5%.)

     I топ – 395 чел. (19,9 %)                             I топ – 388 чел. (20,1%)

     II топ –958 чел. (48,4%)                             II топ – 992 чел.(51,4%)

     III топ – 627 чел. (31,7%)                           III топ –550 чел.(28,5%)

 

          Мүгедек-балалар арасында мына аурулар алдыңғы орындарды алады:

          1 орында – психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуы -218 бала – 29,4 % ( 2023 ж  -233 бала – 27,7%).

          2 орында - туа біткен аурулар - 185 бала – 24,9% ( 2023 ж  - 206 бала – 24,4);  

          3 орында- - нерв жүйесі аурулары- 120 бала – 16,2% ( 2023 ж  -163 бала – 19,3);         

2024 жылдың 12 айында 11039 адам денсаулық сақтау мекемелерімен қайта куәландіруге жіберілгендер (2023 ж 12 ай - 11411 адам), оның ішінде 10391 адамы қайта мүгедектігі бар  адамдар  қатарына жатқызылды (2023 ж 12 ай. - 10851 адам).

Ал, мүгедектігі бар балалар санатындағылардан қайта куәландіруге келгендері – 2971  бала (2023 ж 12 ай. – 3061 бала).  

        2024 жылдың  12 айында  жалпы толық оңалтылғандар саны – 648 адамды құрады –5,9 % оның  474 адамы ересектер (5,9%), балалар – 174 (5,9%)  Республикалық көрсеткіш-7,1%.

       2023 жылдың осы уақытында барлығы 560 (4,9%) адам толық оңалтылды, есектер арасында толық оңалту көрсеткіші – 414 адам болған болатын (5,0%). Балалар арасында бұл көрсеткіш – 146 бала (4,8 %).

Жартылай оңалту көрсеткіші 2024 жылдың 12 айында – барлығы 473 (12,5%) мүгедектің топтары жеңіл топтарға ауыстырылды, 2023 жылдың  12 айында бұл сан 474  адамды құраған болатын (11,8%). Республикалық көрсеткіш-15,3%.

  Мүгедектік топтың ауырлау көрсеткіші 2024 жылдың 12 айында 459 адам-4,7% (2023 ж 12 айында-455 адам-4,5%). Республикалық көрсеткіш-5,9%.

Жамбыл облысы бойынша 2024 жылдың 12 айында- медицина ұйымынан  108  адамға  негізсіз  031/е  қорытындысы  рәсімделген (77-сі сырттай  куәландыруға негізсіз  жіберілгендер): 

        

 

                      

     МӘС  әдіснама  және

 бақылау бөлімінің

 басшысы         

                                                                           А.Махатова

Жарияланған күні

07 ақпан 2025

Жаңарту күні

07 ақпан 2025