«Сәтбаев қаласының емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлері Ұлытау облысы Сәтбаев қаласындағы «Сәтбаев қаласының емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Осыған байланысты мекемеге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Сәтпаев қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 513 750 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Мұндай шаралар мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғауға, олардың қоғамдық нысандарға кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған.
#ҚолжетімдіОрта #МүмкіндігіШектеуліЖандар #ИнклюзивтіҚоғам #ӘлеуметтікҚорғау