Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандары «Медициналық орталық» ЖШС-нің балаларды оңалту бөлімшесіне барды.
Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандары «Медициналық орталық» ЖШС-нің балаларды оңалту бөлімшесіне барды.
Сапар барысында балаларға оңалту көмегін ұйымдастырумен, бөлімшенің жабдықталуымен, жүргізілетін емдік шаралармен және қалпына келтіру емінің негізгі бағыттарымен танысты.
Дамуында әртүрлі бұзылыстары, қозғалыс және неврологиялық бұзылыстары бар балаларды оңалту мәселелеріне, сондай-ақ олардың функционалдық мүмкіндіктерін қалпына келтіру мен дамыту жолдарына ерекше назар аударылды.
Сапар барысында балаларды оңалтуға уақтылы жолдау, әр балаға жеке оңалту шараларын таңдау және баланың денсаулық жағдайы мен қажеттіліктерін ескере отырып, кешенді тәсілді қолданудың маңыздылығы талқыланды.
Уақтылы әрі кешенді оңалту баланың дамуына, функционалдық мүмкіндіктерін жақсартуға және өмір сүру сапасын арттыруға маңызды үлес қосады.