Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғау – басты назарда

Жарияланған күні: 14 қазан 2026

Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғау – басты назарда
2026 жылғы 19 қыркүйекте Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлері Ұлытау облысы Жезқазған қаласындағы «Кеңгір селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижесінде мекемеде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді ортаның қамтамасыз етілмегені және Департаменттің 2025 жылғы 27 тамыздағы №18 нұсқамасының орындалмағаны анықталды.
Осыған байланысты мекемеге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Жезқазған қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 435 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Мұндай шаралар мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғауға, олардың қоғамдық нысандарға кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге және барша азамат үшін қолжетімді әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.
#ҚолжетімдіОрта #МүмкіндігіШектеуліЖандар #ИнклюзивтіҚоғам #ӘлеуметтікҚорғау #АдамҚұқығы