АСЫРАУШЫСЫНАН АЙЫРЫЛУ ЖАҒДАЙЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ

Жарияланған күні: 14 қазан 2026

📌 АСЫРАУШЫСЫНАН АЙЫРЫЛУ ЖАҒДАЙЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы кімдерге тағайындалады және оны алу үшін қандай шарттар сақталуы қажет?

Асыраушысы қайтыс болған жағдайда оның асырауында болған отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелері мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқылы.

🔹 Жәрдемақы тағайындау мерзімі: жәрдемақыға өтініш берген күнге дейінгі 12 айдан аспайтын кезең ескеріледі.

🔹 Жәрдемақы мөлшері: асыраушысының асырауында болған еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелерінің санына байланысты есептеледі.

Осы және өзге де маңызды ақпаратты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес білуге болады.

👩‍💼 Ақпаратты түсіндіреді:
Маханбетова Айнур Мухитовна— Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы.

#ӘлеуметтікҚорғау #МемлекеттікЖәрдемақы #АсыраушысынанАйырылу #Зейнетақы #ҰлытауОблысы