ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖӘНЕ ЖӘРДЕМАҚЫЛАР БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланған күні: 26 тамыз 2026

2026 жылғы 21 тамызда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің өкілі Бейсенбаева Ф.А.  Департамент қызметкерлеріне зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі бойынша семинар өткізді.

🔹 Семинар барысында:

* зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі;

* әлеуметтік саладағы заңнамаға енгізілген өзгерістер;

* мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру;

* қызмет көрсету мерзімдерін сақтау;

* сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын орындау мәселелері талқыланды.

Семинар қорытындысында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заңнама талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ орталықтандырылған деректер базасы мен «Е-Макет» ақпараттық жүйесіндегі бақылау есептерін тұрақты назарда ұстау қажеттігі атап өтілді.

🤝 Сапалы мемлекеттік қызмет – азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың маңызды кепілі.