ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы (санаты С-О-5, 1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

212061

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Әлеуметтік қамтамасыз ету
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалық актілерінде көзделген, зейнетақыларды және әлеуметтік төлемдердің толық мөлшерде, өз мерзімінде және сапалы төленуін, мүгедектерге әлеуметтік қызметтер мен қолдау шараларының өз мерзімінде және сапалы көрсетілуін және өзге де нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылау; медициналық-әлеуметтік мекемелерінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалық актілерін сақтауына сапалы да тиімді тексеру жүргізілуін қамтамасыз ету; бөлім жұмысына байланысты құжаттарды дайындау, дұрыс іс жүргізуді қамтамасыз ету, тексеру актісін тіркеу журналын, тексеру қортындысы бойынша салынған айыппұлдарды тіркеу журналын жүргізу, тексеру ақпарын және жинақтау-талдау мәліметін жасау; бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың  арыз-шағымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп пен мерзімде қарау; МӘС бөлімдерінің және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің мамандарына кеңестік, әдістемелік көмек көрсетеді және халықты әлеуметтік қамсыздандыру жөнінде семинарлар, конференциялар өткізуге қатысу; Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын, Үкіметтің қаулылары мен тапсырмаларын, басқа да нормативтік құқықтық құжаттарды, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің, Комитеттің бұйрықтарын, департамент басшыларының тапсырмасын дер кезінде орындау

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 06.10.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.10.2022 – 17.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

21.10.2022

Сұхбаттасу орны

техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)

Анықтама алу үшін байланыс

74-35-42