ҚР ЕжХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті №3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы, Түркістан қаласы
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті
Түркістан облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогика және психология
- Құқық
- Әлеуметтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Құрылыс
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Әлеуметтік жұмыс
- Жалпы медицина
- Қаржы
Функционалды міндеттер
бөлім жұмысына байланысты құжаттарды дайындау, дұрыс іс жүргізуді қамтамасыз ету; әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы (әрі қарай – ӘТВЕО) облыстық филиалымен, аудандық (қалалық) бөлімшелерімен өз құзырының ауқымында байланыстар жасауға; бала туғанда берілетін жәрдемақы тағайындау мен бала 1 жасқа толғанға дейін күтім жасау жәрдемақысын, мүгедектігі, асыраушысынан айрылуы бойынша, жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды, № 1,2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды, зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді заңнамалардың талабының сақталуына мемлекеттік бақылау жасау; ӘТВЕО бөлімшелері арқылы тағайындауға ұсынған құжаттар негізінде төленетін әлеуметтік төлемдерді заңда белгіленген тәртіпте электронды цифрлы қолтаңбамен, қажет болған жағдайда іс-құжат макеті бойынша тағайындау, кері қайтару, тағайындаудан бас тарту жөніндегі шешім қабылдау; бала туғанда берілетін жәрдемақы тағайындау мен бала 1 жасқа толғанға дейін күтім жасау жәрдемақысын, мүгедектігі, асыраушысынан айрылуы бойынша, жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды, № 1,2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды, зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау және тағайындау тәртібі туралы сұрақтарға түсіндіру жұмысын тікелей және БАҚ арқылы жүргізу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбындағы және басқа да заң актілері бойынша құқықтық оқытуларға қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 24.11.2021
- Түркістан облысы Түркістан қаласы, Жаңа қала шағынауданы, №32 көше, №16 ғимарат "В" корпусы, акт залы
-
8(72533) 5-78-00