25 ҚАЗАН-РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ

25 ҚАЗАН-РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ
ТҮРКІСТАН: 25 ҚАЗАН-РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ🇰🇿
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінде 25 қазан - Республика күні және Әлеуметтік сала қызметкерлері күніне орай жиын өтті.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 жылғы Жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісі Қазақстан Республикасының «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні» болып белгіленген.
Осыған орай, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Нұрмаханов Бегман Жамалбекұлының төрағалағымен мерекелік жиын болып өтті. Жиынға департамент басшысы орынбасары М.Архаров, бөлім басшылары мен мамандары және аудан, қала медициналық әлеуметтік сараптама бөлімдері ZOOM арқылы қатысты.
Департамент басшысы Бегман Жамалбекұлы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы атынан және өз атынан барша әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық тіледі.
Жиын барысында Әдеп жөніндегі уәкіл Д. Оспанова да назардан тыс қалмай, ұжымдағы әдеп қағидаттарын сақтау, қызметтік мәдениетті қалыптастыру, өзара сыйластық пен жауапкершілікті нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.
Әлеуметтік салаға сіңген еңбектері үшін: №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы-Н.Ашакулов, "Құрмет грамотасымен" Е.Әбілқасым, “Алғыс хатпен” М.Марат, Департамент басшысы атынан “Грамота” Д.Батырхан, А.Ахметова және “Алғыс хатпен” Б.Сембекова, Т.Тұрғанбай марапаттап, құттықтады.
Мерекелік жиын барысында Хадиша Тіллабаевнаны зейнеткерлік жасқа толуымен шын жүректен құттықтап, көпжылдық еңбегіне алғыс білдірілді. Оның әлеуметтік қорғау саласына сіңірген еңбегі мен кәсіби тәжірибесі әріптестері үшін үлгі екені атап өтілді.