Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің еңбегі туралы әңгімелеуді жалғастырамыз. Бұл жолы кейіпкеріміз – Талдықорған қаласында тұратын Ардақ Шарипова. Ол мүгедектігі бар балаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істейді.

Мейірбеке ісі мамандығын бітірген Ардақ Арынғазықызы бұл саланы балаларға көмектесіп, қамқорлық танытып, қуаныш сыйлау үшін таңдаған.