Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІнің 8-параграф. 93-бабында көрсетілгендей 1. Наградталған анаға берілетін жәрдемақы "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІнің 8-параграф. 93-бабында көрсетілгендей    1. Наградталған анаға берілетін жәрдемақы "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.

  1. Наградталған анаға берілетін жәрдемақыны төлеу барлық растайтын құжаттар болған кезде жүгінген күннен бастап ағымдағы ай үшін және осы жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталатын кезеңге жүргізіледі. Әлеуметтік кодекстің 94-бапқа сәйкес Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын республикалық бюджет қаражаты есебінен Күміс алқа" алқасымен наградталған аналарға – 6,4 айлық есептік көрсеткіш яғни 22 080тг, "Алтын алқа" алқасымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға – 7,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде яғни 25 530тг төленеді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 169 бұйрығына сәйкес Наградталған анаға берілетін жәрдемақы жүгінген күннен бастап тағайындалады. Өтініш берілген күн жүгінген күн болып есептеледі.Наградталған аналарға арналған жәрдемақыны тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттар қоса өтініш беріледі.Құжаттар тізіліміне Жеке басын куәландыратын, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталғаны немесе алғаны немесе бұрын "Батыр ана" атағын алғаны, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталғаны туралы құжаттар, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін куәландыратын мәліметтер, банк шотының нөмірі туралы құжаттарын ұсыну қажет.

Жарияланған күні

19 ақпан 2024

Жаңарту күні

19 ақпан 2024